Қоғам

Еуразиялық банктің Астанадағы филиалын басқарған Мұрат Мұқанов сотталды

© Sputnik / Болат ШайхиновЕуразиялық банк" АҚ елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқанов
Еуразиялық банк АҚ елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еуразиялық банктің елордалық филиалының экс-директоры сеніп тапсырылған мүлікті иеленді және талан-таражға салды деп айыпталды

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты "Еуразиялық банк" АҚ елордалық филиалының бұрынғы директоры Мұрат Мұқановқа, сондай-ақ осы филалдың бұрынғы касса меңгерушісі Ақмарал Меңдалиеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кісен салу - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Түркістанда банк тонауға қатысты екі күдікті ұсталды
Осы жылдың мамырында Астанада Еуразиялық банк филиалының ақшаны қайта есептеу бөлмесінен өрт шықты. Өрт қойды деген күдікпен сол уақытта банк филиалын басқарған Мұрат Мұқанов тұтқындалды.     

Мұқанов өзгенің мүлкін қасақана жойды немесе бүлдірді,  сеніп тапсырылған мүлікті иеленді және талан-таражға салды деп айыпталды. 

Ақмарал Меңдалиеваға заңсыз іске араласты және сеніп тапсырылған мүлікті иеленді және талан-таражға салды деген айып тағылды.

"Сот үкім шығарды: Мұрат Мұқанов кінәлі деп танылды. Оған 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленіп, 7 жылға қаржы және банк саласында жұмыс істеу құқығынан айырылсын, жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтесін", — деп үкімді оқыды судья Қанат Тобағалиұлы. 

Ақмарал Меңдалиева жеті жылға сотталды. Ол сот залында қамауға алынды.  

Сондай-ақ сот "Еуразиялық банк" АҚ-ның сотталушылардан 1 миллиард 848 миллион 394 мың 970 теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап арызын жарым-жартылай қанағаттандырды. 


Жаңалықтар
0