АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев "Отау ТВ" цифрлық телевидениесінің сатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Таяуда біздің комитет министрлікке "Отау ТВ"-ға қатысты сауал жолдаған еді, әзірге жауап алған жоқпыз. Сондықтан осы жерде өзіңізден естіген дұрыс болар", — деді Назарбаева.
Министр "Отау ТВ"-ға қатысты мәселелер мұқият зерделенгенін атап өтті. Оның айтуынша, 130-ға тарта, оның ішінде танымал шетелдік арналарды біріктірген цифрлық телевидениенің шығыны көп.
"Шетелдік телеөнім үшін доллармен төлеу керек. Ал келісімшарттардың барлығы девальвацияға дейін жасалған. Өткен жылдың қорытындысы бойынша "Қазтелерадионың" жалпы шығыны — 500 миллион теңге. Оның 60-70 пайызы — "Отау ТВ"-ның ақылы контенті", — деген Абаев Қазақстанда ақылы ТВ-контенттің тұтынушылары 70 мыңға жететінін айтты.
Десек те, министр депутаттарды "Отау ТВ" пакетін сату немесе беру мәселесі күн тәртібінде жоқ екеніне сендірді.