АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Ертеңнен бастап елордада жаңа № 107 экспресс маршруты іске қосылады. Ол "Астана-Нұрлы жол" теміржол вокзалынан бастап агроқалашыққа дейін қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
"Бастапқы нүкте – Астана-Нұрлы жол" теміржол вокзалы", кейін А.Байтұрсынов көшесімен оңға М.Жұмабаев даңғылына – солға Р.Қошқарбаев даңғылы – солға Аманжолов көшесіне – оңға Нәжімеденов к-сі – оңға Қалдаяқов к-сі, оңға Мәңгілік Ел даңғылы, солға Д.Қонаев к-сі – оңға Тұран даңғылы – Сарыарқа даңғылы – солға С.Сейфуллин көшесіне – оңға Күмісбеков көшесіне – солға Тілендиев даңғылы – оңға Ақан Сері к-не — оңға Фахб бен Абдулл Азиз – оңға Байсейітова к-сіне – соңғы нүкте "Агроқалашық", – делінген қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының хабарламасында.
Айта кетейік, № 107 экспресс маршруты кері бағытта дәл осы қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды.