АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Астана аялдамаларына кигізілген тоқыма бас киімдер әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықты.
Креативті идеяны "Сарыарқа" ауданы әкімі Арман Тұрлыбек Facebook парақшасында атап өтті.
"Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары! Міне, көптен күткен қыс та келіп жетті. Аязды күндері денсаулығыңызға мұқият болып, жылы киініп жүріңіздер. Қазір көпшіліктің жылы бас киім кимейтінін байқадым. Әсіресе, оқушылар мен жастар. Әлбетте, бұл шашты бүлдіріп, стилге сай келмеуі мүмкін. Бірақ біздің аялдамалар да бас киім киіп алды емес пе))) Сіздер де киіп жүріңіздер!! Денсаулығыңызды күтіңіздер!!! P.s. Winter is Here!!!", — деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылар билік өкілдеріне алғысын білдіріп, кейбіреулер жазда аялдамаға бейсболка немесе қалпақ кигізуге болады деп әзілдеді.