АСТАНА, 21 желтоқсан — Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық боксшы Әли Ахметовтің 30 желтоқсанда Алматыда өтетін жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz қазақстандық спортшы қыздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшының қарсыласы – 28 жастағы әзербайжандық Исмат Эйнуллаев. Жекпе-жек кеші 30 желтоқсанда Алматыда өтеді. Басты айқасқа қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипова қатысады.
"Біздің Әлидің қарсыласы – Әзербайжан боксшысы Исмат Эйнуллаев. 28 жаста. Ол 14 жекпе-жек өткізген, 12-сінде жеңіске жетіп, екеуінде жеңіліс тапты. Исмат бұрын бірінші орта салмақта сынға түскен, бірақ ол әлі жас, шыңдалып келеді, енді жартылай ауыр салмаққа көтеріліп жатыр. Біз бұл боксшыны мұқият зерттеген жоқпыз, бұл жерде шаршы алаңға шығып, тек жеңу керек. Болашақта Әли Ахметов НВО келісімшартын бекітуді жоспарлап отыр, осыдан кейін боксшымыз одан да мықты қарсыластармен қолғап түйістіреді", — деді қазақстандық боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов.
Естеріңізге салып өтсек, Әли Ахметов кәсіпқой рингте 2016 жылдың мамырында алғаш рет жұдырықтасқан еді. Қазақстандық спортшы он жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Алты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.