АСТАНА, 17 желтоқсан – Sputnik. Британиялық боксшы Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) Лемьені жеңгеннен кейін Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол төрешілердің бірауыздан шешімімен канадалық Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңді. Кездесу бітісімен Сондерс WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдар бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) жекпе-жекке шақырды.
"Головкин, менің есімде, сен менен қашып жүрген едің. Енді, міне менің белдігім бар – қазір жұдырықтасайық!", — деп мәлімдеді Сондерс.