Қоғам

Елімізде көші-қон бойынша ХҚКО ашылады

© Sputnik / Ксения ВоронинаХҚКО
ХҚКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Инфрақұрылымды дамыту мақсатында аз уақыт ішінде республика бойынша тағы төрт фронт-офис ашу жоспарланып отыр

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Биыл Астанада көші-қон бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Халыққа қызмет көрсету орталығы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ХҚКО қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейту керек – премьер-министр
"Биыл Астанада көші-қон қызметтерін көрсететін ХҚКО және Көкшетау мен Семейде автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметін көрсететін фронт-офистер ашамыз. Ал келесі жылдың басында Орал мен Атырау қалаларында да дәл сондай мамандандырылған ХҚКО ашуды жоспарлап отырмыз", — деді "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов үкімет отырысында. 

Жыл соңына дейін іске қосылатын көші-қон бойынша ХҚКО-да құжаттарды қабылдау мен тіркеу қызметтерін "Азаматтарға арналған үкімет" мамандары көрсетеді. Нәтижесінде көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер "бір терезе" қағидаты бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылмақ. 

Айта кетсек, қазіргі таңда мемлекеттік корпорация аясында Қазақстан бойынша 349 фронт-офис пен 637 бэк-офис, 12 мамандандырылған ХҚКО, 70 мобильді ХҚКО жұмыс істейді.

Жаңалықтар
0