Қоғам

Бозымбаев: Астананың көк түтіні мені де мазалайды

© SputnikАстанадағы түтін мен тұман
Астанадағы түтін мен тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің пікірінше, ең тиімді шешім – елордаға газ тарту

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Астана аспанын тұмшалаған көк түтіннен құтылу жолдарын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұл проблеманы шешу жолы – негізінен жеке сектор мен отын-энергетика кешендеріне арналған сапалы отын. Яғни Астанада көмір жағуды қоюды керек. Бұл жерге газ тартып, оның бағасын қолжетімді ету керек. Қазір бұл жұмыс жалғасып жатыр, оның үстіне бірінші вице-премьер деңгейінде талқылануда", — деді Бозымбаев үкімет кулуарында.  

Министр аталған түйткілді шешуге қатысты ұсынысын айтты.

"Бізге сұйытылған табиғи газ керек, пропан-бутанмен шатастырмаңыздар. Қазақстанда әзірге ол өндірілмейді немесе Қостанайда оны өндіретін зауыт салып, оны осы жерге әкеліп, сұйылтуға болады. Әрине, бұл біраз қымбатқа түседі", — деді Бозымбаев. 

Газбен жабдықтау желісіне қосып жатыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бозымбаев Астанаға газ қашан жететінін айтты
Ведомство басшысы егер бұл мәселе мұқият қаралмаса, жылу энергиясының бағасы күрт өсіп кетуі мүмкін екенін атап өтті. 

"Егер ҚазТрансГаз салған құбырлардың ТЭН-не қарасақ, бұл газды жеткізу жылу құнының едәуір өсуіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан қазір бұл процесті арзандату тәсілдері қарастырылуда. Көмір арзан энергия тасымалдаушы екені түсінікті. Оның үстіне ол жақын, ал газ алыста. Бірақ таңдау жасағанда ең алдымен адам денсаулығы мен экологияны ойлау керек", — деді министр. 

"Астанадағы көк түтін сізді де мазалай ма?" деген журналистің сауалына министр мырза "әрине" деп жауап берді.


Жаңалықтар
0