Оқиға

Алматы облысының тұрғыны өзін және екі баласын өртеп жіберді

© Photo : PavlofoxСіріңке жаққан адам
Сіріңке жаққан адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық ІІД баспасөз қызметі жантүршігерлік трагедияның болғанын растады

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысының 44 жастағы тұрғыны үйге өрт қойып, салдарынан өзі және екі бала көз жұмды.  

Трагедия Іле ауданындағы Өтеген батыр елді мекені жатақханаларының бірінде болды.  

Қоқыс төгетін жер - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Текелі тұрғыны кісі өлтіріп, қылмысын жасыру үшін мәйітті өртеп жіберген
46 жастағы әйел екі баласымен бірге тұрып жатқан бөлмеге жалын тез шарпыған. Өрт қойған бұрынғы күйеуі екені анықталды. 

Оқиға орнында 13 жастағы бала қаза болды. Қатты күйік шалған 16 жастағы қыз аудандық ауруханаға жеткізілгенмен бірнеше сағаттан кейін есін жимастан көз жұмды.      

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі өрт шыққаны және адамдардың қаза болғаны туралы ақпаратты растап, ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


Жаңалықтар
0