АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Астана әкімдігі жаңажыл мерекесі қарсаңында бағаны реттеп тұру үшін қызанақ пен қияр сатып алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Көкөністер "Шапағат" коммуналдық базарында сатылады, онда кәсіпкерлер сауда барысында 10%-дан артық қоспауды міндетіне алады.
"Осылайша қызанақтың келісі 500 теңгеден аспайтын болса, қиярдың бағасы 550 теңге көлемінен аспайды, бұл аталған көкөністің тапшылығын азайтып әрі қарай бағасының өсіп кетпеуінің алдын алады", — деп хабарлайды қалалық әкімдік.