Видео

Ақтауда тұрғындар арзан майға таласты

Жазылу
Күнбағыс майы арзан бағамен сатылған акция кезінде дүкенге келген адамдар жанжалдасып, майға таласқан

"Ақтау-Лада" басылымы хабарлағандай, акция 14 маусымда өткен. Майдың бағасын екі есеге — 305 теңгеден 149 теңгеге түсірген. Дүкен иелері арзан күнбағыс майды негізінен зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларға сатпақ болады. 

Акция шарты бойынша, тауар ары қарай сатылмауы үшін бір қолға үш бөтелке берілуі тиіс. Бірақ сатып алушылар акция шартын байқамады ма, не болмаса, оны назарға алмады ма, әйтеуір майды жәшіктеп алып, бірінің қолынан бірі жұлып ала бастайды. 

Ақыры ақтаулықтар арзан майды жарты сағаттың ішінде алып кеткен. 


Жаңалықтар
0