АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Бақытжан Найзабеков "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Еренсізұлы Найзабеков Қазақстан Республикасы "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Қазақстанның қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйелерінің құрамдас бір бөлігі саналатын "Сырбар" сыртқы барлау қызметі 2009 жылы құрылды, президентке бағынады және есеп береді.