АСТАНА, 28 ақп — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры мен ҚР Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасарын тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Нұрлан Оразұлы Оразов Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне; Зарема Каукенқызы Шаукенова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметіне тағайындалды", — делінген хабарламада.
Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын 2014 жылдан бері Ерлан Қарин басқарған. Ақпанның басында ол "Қазақстан" телерадио кешені басқармасының төрағасы болып тағайындалған.