Оқиға

Алматы облысында 26 жастағы шопан кісі қолынан қаза болды

© Sputnik / Валерий Шустов / Медиабанкке өтуМалшылар қой бағып жүр, архивтегі фото
Малшылар қой бағып жүр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шопанды өлтірді деген күдікке ілінген ер адам полицейлерге өзі берілді

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында 26 жастағы шопанның мәйіті табылды, полицейлер кісі өлімін ашты, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

17 желтоқсан күні шалғайдағы фермалардың бірінің маңайынан пышақталған ер адамның мәйіті табылды.  

Такси жүргізушісі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қаскүнемдер алматылық таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған
Шаруа қожалығының иесі мәйітті танып, ол малшы болып жұмыс істегенін растады.  

Бірнеше сағаттың ішінде полицейлер күдіктіні анықтады, ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.  

"Күдікті жасырынған жоқ, ауыл учаскелік инспекторына өзі берілді. Ұсталған азамат оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Ол шопанмен бірге ішімдік ішкенін, араларында жанжал шығып, оны өлтіргенін мойындады", — деп хабарлады облыстық полиция.

ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 


Жаңалықтар
0