Оқиға

Қаскүнемдер алматылық таксисті өлтіріп, оның көлігін сатуға қойған

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуТакси жүргізушісі, архивтегі фото
Такси жүргізушісі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыскерлер жеке тасымалдаумен айналысқан қала тұрғынын пышақтап тастап, мәйітті Алматы облысы аумағына апарып тастаған

АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысының полициясы таксисті өлтірді деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.  

Такси - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандыда әйел таксисті өлтіріп кетті
Пышақталған ер адамның мәйіті 12 желтоқсан күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Амангелді ауылының маңынан табылды. Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Volkswagen Golf 4 көлігімен жеке тасымалдаумен айналысқан 28 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты.  

Күдіктілер екі тәуліктен кейін ұсталды. 

"Күдіктілер Талдықорған дәмханаларының бірінде ұсталды. Олардың айтуынша, қылмыс Алматыда жасалған, оны жасыру мақсатында зардап шегушінің мәйітін облыс аумағына әкеліп тастаған. Қылмыс қаруы болған қалта пышағы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.  

Күдіктілер — Кебұлақ ауданының екі тұрғыны. Олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған: бірі қарақшылық, екіншісі алаяқтық жасаған.  

Белгілі болғандай, таксистің автокөлігі интернет арқылы сатуға шығарылған. 

ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.   


Жаңалықтар
0