АСТАНА, 28 қазан— Sputnik. Такси жүргізушісін көлікке отырған жолаушы өлтіріп кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Қарағанды облысы ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицияның хабарлауынша, әйелді өлтірді деген күдікпен 35 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны ұсталды. Оны полицейлер такси жүргізушісін өлтіргеннен кейін мініп кеткен көлік арқылы іздеп тапты.
Күдіктінің айтуынша, жүргізушімен жолдың ақысы бойынша келіспей қалған.
Әйел ауыр дене жарақаттарынан көз жұмды