АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Бүгін таңғы жетілер шамасында Орал-Ақсай тас жолында апат болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Бөрлі кентіне жақын маңда "Газель" мен "Лада Гранта" соқтығысқан. Қатты соққыдан жеңіл автокөлік жыраға құлады, ал "Газель" аударылып, жана бастаған.
БҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жол апатынан екі адам мерт болды. Оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Апаттың мән-жайы анықталуда.