Өңірлер

Алматы облысының тұрғыны туған анасын аяусыз соққыға жықты

© Photo : Pixabay / Republicaқолына сүймен ұстаған ер адам
қолына сүймен ұстаған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарт әйелдің денесінен соққы іздері табылып, дәрігерлер оның миы шайқалғанын анықтады

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысында анасын соққыға жыққан 42 жастағы ер адамға айып тағылды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

жұдырық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда полицей әйелді соққыға жықты

18 желтоқсанда Райымбек ауданы Кеген ауылында дәрігерлер 67 жастағы әйелге медициналық көмек көрсетеді. Оның денесінен соққы іздері табылып, миы шайқалғаны анықталады. 

Полицияның хабарлауынша, зардап шеккен әйел әуелі қалай соққыға жығылғанын жасырмақ болады. Бірақ тәртіп сақшылары қарт әйелдің баласынан күдіктеніп, оны аудандық бөлімшеге жеткізеді. 

"Ер адамның ішіп алып, анасын ұрғаны белгілі болды. Жанжал кезінде оның лақтырған көсеуі әйелдің басына тиген. Аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталды", — деді полициядағылар. 

 

Жаңалықтар
0