Оқиға

Алматыда полицей әйелді соққыға жықты

© Sputnik / Табылды Кадырбековжұдырық
жұдырық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда мектеп инспекторына шабуыл жасалды, оқиғаны видеоға түсіріп алған

АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Ұялы құрылғы камерасының фокусына діни мазмұндағы тақырыпта дауыстап сөйлеп тұрған ер адам түсіп қалған. Ер азамат балаларға қарата сөлеп тұрады, монологқа полицей әйел араласпақ болған кезде, бейтаныс адам оны басымен соға бастайды. Содан кейін шашынан сүйреп жерге құлата жаздады.

Бейнероликті өзінің Facebook желісіндегі парақшасына Діндерді зерттеу орталықтары ассоциациясының басшысы Юлия Денисенко жариялаған болатын.

Полицияда аталған оқиғаны растады. ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтің айтуынша, видеодағы ер адам анықталған.

"Аталған дерек алғымдағы жылдың сәуірінде Алматы қаласы Алатау ауданы мектептерінің бірінде орын алған. Қазіргі уақытта А.Г.Кимге қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұрын соңды ол интенсивті бақылауда арнайы типтегі психиатриялық станционарда мәжбүрлі түрде емделуден өткен", — деді ол Sputnik Қазақстанға.

Ведомство өкілінің атап өтуінше, мектеп инспекторының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0