АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Астанада жас жігіт "Ailand" отбасылық демалыс орталығының жанында суицид жасамақ болды, деп хабарлайды елорданың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиға сейсенбі сағат 17 шамасында болды. Жұрттың көзінше өз-өзіне қол салмақ болған жігіт ешқандай талап қоймаған. Оқиға орнына полиция жасағы мен жедел жәрдем келіп жетті.
"Жігіттің үстіндегі жанған киімі бірден сөндірілді. Аталған оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оның неге суицид жасамақ болғаны анықталуда", — деп хабарлады полиция.
Қолы мен мойны күйіп қалған ер адам ауруханаға жеткізілді.