АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. АҚШ-та бесінші сынып оқушысы Ашаунти Дэвисті сыныптасы балалардың көзінше ұрып-соғып, мазақ еткен. Болған жайттың видеосы желіде жарияланғаннан кейін Ашаунти өзіне қол жұмсады, деп хабарлады life.ru Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Колорадоның 10 жасар тұрғыны келемежге шыдамай, видео жарияланғаннан кейін 2 аптадан соң суицид жасаған. Ашаунтидің анасы қызы сайттардың бірінен видеоны көріп, күйзеліске түскенін айтады.
Ашаунтидің ата-анасы дереу дәрігерлерді шақыртқан. Қыз Колорадо балалар ауруханасына жеткізілді, дегенмен дәрігерлер оның өміріне араша бола алмады.
Қызды келемеждеген оқушылардың жасы жауапкершілікке тартуға мүмкіндік бермеген, сондықтан қаза болған қыздың әке-шешесі өзге ата-аналарды балаларын жүгенсіз жібермеуге шақырды.
Мектеп әкімшілігі Ашаунтидің отбасына көңіл айта келе, ролик сабақтан тыс уақытта түсірілгендіктен ешқандай жауапкершілік алмайтындарын жеткізді.