Әлем

Бакуде Түркия елшілігі кеңесшісінің қызы өзіне қол жұмсады

© Public DomainҒимарат төбесі
Ғимарат төбесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түрік дипломаттары отбасынан шыққан жасөспірім қыз Гюнляр Шавваль Әзербайжан астанасында 10-қабаттан секіріп кетті.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Түрік дипломатының қызы Бакуде өз-өзіне қол салды деп хабарлайды РИА Новости АПА агенттігіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев РФ елшісін өлтіруге қатысты: бұл күрделі салдар туғызатын оқиға

Басылымның хабарлауынша, 15 жасар Түркия азаматшасы Гюнляр Шавваль 10-қабаттан секіріп кеткен. Бастапқы мәлімет бойынша, қыз бір күнге лицейдегі сабағынан шеттетілген екен. Жасөспірім осы себептен өзіне қол салса керек.

Кейіннен Гюнляр Шаввальдің түрік дипломатының қызы екені белгілі болды. Әкесі Гюнляр Арслан Азми Әзербайжандағы Түркия елшілігінде кеңесші қызметін атқарады.

Қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0