Әлем

Таиландта күн күрт суытып, Бангкок тұрғындары жылы киімдерін киінді

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуТаиланд
Таиланд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырық градус аптапқа үйренген таиландтықтар суыққа шыдамай, тоңып жатса, туристер біраз сергіп, қуанып қалған сыңайлы

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Таиланда ауа райы күрт төмендеп, ел тұрғындары мен қонақтары жылы киім киді, деп хабарлайды РИА Новости тілшісі.

Жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алай-дүлей жел мен жауын-шашын: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бангкокте жыл бойы ауа температурасы 27 мен 38 градус ыстық арасында ауытқып тұрады, кейде тіпті 45 градусқа жетіп, одан да көтеріледі. Ал 15 градус жылы ауа райы олар үшін үлкен мәселе туғызып отыр. Метеорологтардың мәліметінше, 19 желтоқсанға қараған түні кейбір таулы аймақтарда температура нөлден төмендепті.

"Су құбырындағы суық су күтпеген жерден мұздай болып кетті, әдетте сәл жылымшы болып тұратын. Тұрғын үйлерде кондиционер өшіріледі, бірақ ғимараттарда бәрібір салқын: сыртқы қабырғалар суып, түнде үйдің іші де суытып кетеді, себебі жылыту жүйесі қарастырылмаған", — деп ахуалды сипаттайды РИА Новости тілшісі.

Ауа райының салқындауына бәрінен де шетелдіктер қатты қуанды, сонда да түнге қарай жылы киімдерін кие бастады.

Мотоциклшілер таңертең күрте киіп алыпты, ал кеңсе қызметшілері жемпір, қалың шұлықтарын киген. Кейбіреулер бас киімдерін тастамай жүр.

Жаңалықтар
0