Өңірлер

Алай-дүлей жел мен жауын-шашын: сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

CC0 / TanteTati / Жел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. Сейсенбі күні қатты жел соғады, Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын болмақ, деп хабарлайды Қазгидромет.

Президенттің Астанадағы сарайы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Желтоқсанға арналған ауа райы болжамы: суық болады

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болмақ", — делінген болжамда.

Алматы облысында – Алакөл ауданында желдің екпіні 15-20 м/с, бұрқасын 23-28 м/с, кей жерлерде тұман.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0