АСТАНА, 19 желтоқсан — Sputnik. "Тілшілерге шектеу жоқ" (RSF) атты халықаралық құқық қорғау ұйымы хабарлағандай, 2017 жылы кәсіби борышын орындау барысында 65 тілші қаза тапқан, деп хабарлайды РИА Новости.
"2017 жылы бүкіл әлемде 65 журналист өлтірілген. Олардың жиырма тоғызы қызметін орынау кезінде қаза тапты. Олар әуе соққысы, артиллериялық атыс немесе лаңкестің өзін—өзі жарып жіберуі сияқы жайттардың құрбаны болды. Қалған отыз тоғызы қасақана өлтірілген, өйткені олардың жұмыстары саяси, экономикалық немесе қылмыстық мүдделерге қауіп төндірген болатын", — делінген ұйым баяндамасында.
Тілшілер үшін ең қауіпті жерлер қатарына биыл Сирия мен Мексика жатқызылды. Бұл елдерде осы жылы 12 және 11 журналист қаза болған. Үшінші және төртінші орында Ирак пен Ауғанстан тұр.
Бірінші желтоқсандағы ахуал бойынша, әлемде 326 тілші ұсталып, тағы 54 журналист тұтқында отыр. Екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында.