Қоғам

Тілші Жанболат Мамай бас бостандығын шектеу жазасына кесілді

© Photo : личный аккаунт Жанболата Мамая в FacebookЖанболат Мамай
Жанболат Мамай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Саяси Қалам. Трибуна" газетінің бас редакторы сотта айыбын мойындаған жоқ

АСТАНА, 7 қыркүйек — Sputnik. Қашқын қазақстандық банкир Мұхтар Әблязовтың ақшасын заңдастырғаны үшін айыпталған тілші Жанболат Мамайға үкім шығарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астана қаласы прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мемлекеттік айыптау Жанболат Мамайдың мүлкін тәркілеп, бостандығын шектеуді сұрайды

Алматы қаласы Медеу ауданы №2 соты қаулысымен Жанболат Мамай 1997 жылы редакцияланған ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлігінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды.

Сот оны екі жыл және бес ай бас бостандығын шектеу жазасына кесіп, мүлкін тәркіледі және үш жылға тілшілік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Сонымен бірге, сот қаулысына сәйкес, жылына 120 сағат еңбек жұмысына тартылатын болды.


Жаңалықтар
0