АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. "БТА Банк" АҚ ақшасының ізін жасырғаны үшін айыпталған "Саси Қалам. Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды мемлекеттік айыптау мүлкін тәркілеп, төрт жылға шартты түрде соттауды сұрады.
Мемлекеттік айыптау жазаны жұмсартуға себеп ретінде айыпталушының жас балалары мен қарт әке-шешесінің барын айтып өтті.
Жанболат Мамайдың авдокатының айтуынша, мемлекеттік айыптау қылмыстық қуғындаудан ешқашан бас тартпайды, сол себепті шартты түрде соттау дегеннің өзі үлкен жетістік, сотталушы соңғы сөзін 6 қыркүйек күні сөйлейтін болады.