Қоғам

ҚАЖК: Жанболат Мамайға қысым көрсетілді деген факті расталған жоқ

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуАрхивное фото СИЗО
Архивное фото СИЗО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандар Жанболат Мамайдың денесінде жарақат жоқтығын анықтады

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Алматы қаласы прокуратурасы мен ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті  «Трибуна» газетінің бас редакторы Жанболат Мамайға қысым көрсетілді деген факті расталған жоқ деп мәлімдейді. 

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Алматы қаласы прокуратурасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, адвокат Ж.Балғабаеваның қамаудағы Жанболат Мамайға қатердің төнуі және қысымның көрсетілуі туралы БАҚ-та жарияланған шағымына қатысты тергеу жүргізілді.

Жанболат Мамай - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамай 2 айға қамауға алынды

«Жанболат Мамайдан жауап алу барысында ол ауызша және жазбаша түрде тергеу изоляторының әкімшілігіне және камерада ұстауда отырған өзге сотталғандарға ешқандай наразылығы жоқ екенін жеткізді. Тергеу изоляторындағы медицина бөлімінің маманы да Ж.Мамайдың денесіне зақым келмегенін, дене жарақатының жоқтығын анықтады. Аталған тергеу-қамауындағы медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осылайша Ж.Мамайдың өміріне қауіп төнді және оған қысым көрсетілді деген фактісі расталған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Аталған оқиғаның айналасындағы дау-дамайды ушықтармау үшін Мамай тергеу изоляторындағы жалпы камераға ауыстырылған. 

«Сонымен қатар, кейбір адамдар қауесеттер мен жорамалдарды негізге алып, «Ж.Мамайдың өміріне қауіп төнді және оған қысым көрсетілді» деген жалған ақпаратты шығарып отыр. Осыған байланысты БАҚ өкілдерінен осыған ұқсас ақпаратты басудан бұрын немесе сілтеме жасамай тұрып, ресми түсіндірме мен растау алу үшін ІІМ ҚАЖ комитетіне жүгінуді сұрайды», — делінген хабарламада. 

Бұдан бөлек, баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 242-1-бабы 3-тармағына сәйкес жалған мәлімет тарату белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу түріндегі жазаға алып келетінін ескертті. 


Жаңалықтар
0