АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Алматы қаласы Медеу аудандық соты 11 ақпан күні "Трибуна" газетінің бас редакторы Жанболат Мамайды Мұхтар Әбілязовтің "БТА" банкі қаражатын қымқыруы туралы іс аясында екі айға қамауға алуға шешім қабылдады деп хабарлайды "Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры.
Қамауға алынар алдында Жанболат халыққа мәлімдеме жасаған екен: "Мен, Жанболат Мамай, тағылған айыптар бойынша өзімді кінәлі санамаймын. Ешқашан бизнес және қаржы ісімен айналысқан емеспін".
10 ақпан күні Мамайдың БТА Банк АҚ директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы ретінде ұсталғаны белгілі болған еді.
Жемқорлыққа қарсы қызмет тиісті тергеу жұмыстарын атқаруда, оның ішінде қылмыстық қаражатты заңдастыру деректерін айғақтайтын құжаттар іздестіріліп жатыр.