The Independent басылымы хабарлағандай, видео 2004 жылы түсірілгенімен, халық назарына енді ғана ұсынылып отыр.
Бейнежазбада жерден 24 шақырым биіктікте қалықтаған беймәлім нысан анық көрінеді.
Командир Дэвид Фрэвор мен капитан-лейтенант Джим Слейт жаттығу миссиясында жүргенде, осы бір ұшатын нысанды құрықтауға бұйрық берілген.
Фрэвор нысанның жылдамдығын көріп таңғалыпты.
"Оның жылдамдығы біздің кез келген ұшақтыкінен асып түседі", — депті командир, Sputnik International жазуынша.
Әскери қызметкер атап өткендей, ұшатын нысанның жылдамдығы тым жоғары болғандықтан, ұшақ радарын істен шығарған.