АСТАНА, 18 желтоқсан— Sputnik. Селфиқұмарлық және интернетте селфи суреттерін жиі жариялау психикалық аурудың белгілері болып табылады, деп есептейді дәрігерлер. Осындай зерттеу International Journal of Mental Health and Addiction журналында жарияланды, деп жазады РИА Новости.
Мамандар селфиді жақсы көретіндерге қатысты 20 пайым дайындап, экспериментке қатысушыларды олардың нақтылығын 1-ден 5-ке дейінгі көрсеткіш бойынша бағалауды ұсынады. Барлығы зерттеуге 27 жасқа дейінгі 400 адам қатысқан.
Зерттеу нәтижесінде психологтар мынадай шешімге келді: күніне үш рет суретке түсетін, бірақ оларды интернетте жарияламайтын адамға мамандар "селфитис" деп атаған психикалық ауруға шалдықты деген диагноз қоюға болады.
Дерт асқынған кезде адам суреттерін желіге салғысы келіп тұрады. Ауру келесі созылмалы кезеңге өткенде адам күніне кемінде алты селфи жариялайды.
Психологтардың пікірінше, "селфитиспен" ауыратындар әдетте өзіне сенімсіз адамдар, олар осылайша өзіне назар аудатқысы келеді.