Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірім тоққа түсті

© Photo : СҚО ІІД баспасөз қызметіСолтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірімді тоқ соқты
Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірімді тоқ соқты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Қазір күйік шалған 9-сынып оқушысы ауруханада емделіп жатыр

АСТАНА, 9 тамыз — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют қаласында селфи жасау үшін электр бағанасына шыққан 9-сынып оқушысын құтқарушылар мен полицейлер дер кезінде түсіріп алды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Полицей көлігінің үстіне шығып, селфи жасаған павлодарлық қамауға алынды

Селфиге деген әуестіктен 15 жасар жасөспірім мерт бола жаздады. Айрықша сурет жасап, көп "лайк" жинамақшы  болған Мамлют қаласының 9-сынып оқушысы ұялы телефонын алып, жоғары вольтты бағанаға шыққан. Қас қағым сәтте тоқ соққанын өзі де аңғармай қалған. 

"Мамлют ауданының ІІБ кезекші бөліміне жасөспірімнің бағанада асылып тұрғаны жайлы хабарлама келіп түскен. Электр мамандары тез арада кернеуді ажыратып, құтқарушылар мен полицейлер мектеп оқушысы бағанадан түсіріп алады. Бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Қуанышқа қарай, бұл жағдай жасөспірім үшін күйік жарақатын алумен ғана аяқталды", — дейді Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Серік Әлжанов.  

© Photo : СҚО ІІД баспасөз қызметіСолтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірімді тоқ соқты
Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірімді тоқ соқты - Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстанда селфи жасау үшін бағанаға шыққан жасөспірімді тоқ соқты

Қазіргі уақытта оқушының өміріне ешқандай қауіп жоқ, денсаулығы қалыпты.

Айтпақшы, өмірін қатерге тігіп түскен суреті телефонында сақталмапты. 

"Жасөпірімдердің экстремалды селфимен әуестенуі үрей туғызады. Балалар биік ғимараттарда, судың жағасында және басқа да жерлерде түсірілген айрықша суретті көреді, бір қарағанда қауіп төндіретін жерлер емес сияқты. Бірақ олар бастапқыда қатарласып жүретін желдің екпінін, электр кернеуін, топырақтың опырылуын және тағы да осы кесілді жағдайларды ескермейді. Ересектер балаларға селфимен әуестенудің қауіптілігін түсіндіруі қажет", — деп атап өтті полицейлер. 

Әлемнің көптеген елінде моноподтарды пайдалануға арнайы тыйым салынғаны белгілі.  

 

Жаңалықтар
0