Өңірлер

Шымкентте әжесі мен немересі иіс тиіп қаза болды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтупеш
пеш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы аптада ОҚО-да осымен газдан уланудың төртінші фактісі тіркеліп отыр

АСТАНА, 18 желтоқсан — Sputnik. Қайғылы оқиға Қошқар-Ата ауылдық округінде болған. 72 жастағы әйел мен 12 жастағы қыз иіс тиіп көз жұмды, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Газ жанарғысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

Апатты бригада үйдегі жылыту-пісіру пешінің мұржасы түтін тартпағанын  анықтады. 

Басылым ақпаратынша, соңғы аптада бұл осымен газдан уланудың төртінші оқиғасы. 

"12 желтоқсанда сағат 00:54-те кезекші дәрігерден Братская көшесіндегі үйден болжам бойынша газдан уланған әйелдің денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті", — деп мәлімдеді Шымкенттің газ қызметінен. 

12 желтоқсанда күндіз Бекетті көшесіндегі үйдің ванна бөлмесінен 1979 жылғы С.Натальяның, ал жатын бөлмеден бес айлық қызы У.Ясминаның мәйіті табылған болатын.  

10 желтоқсанда Шымкентте Республика даңғылындағы № 31 үйдің пәтерінде  үш бала мен әйелдің денесі табылды. Олардың барлығы иіс тиіп қаза тапқан.

Жаңалықтар
0