АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. "Еуразия Барысы"қазақ күресінен әлем кубогы Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісімен аяқталды.
Турнирдің финалында ұлттық құрама Алматы командасын ұпай санымен ұтты. Негізгі кездесу тең аяқталды — 4:4. Финалдан бұрын турнир жеңімпаздары Моңғолия мен жапония құрамасын тізе бүктірді, ал Алматы құрамасы Грузия мен Өзбекстанды жеңді. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде өзбектер жапондардан мықты екенін дәлелдеді.
Жарыстарға барлығы сегіз елдің балуандары қатысты. Олардың арасында "Еуразия Барысына" алғаш рет қатысқан Бразилия, Жапония және Камерун құрамалары бар.
Осылайша, турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтармен және тайқазанмен марапатталды. Бірінші орынға — 10 миллион теңге, екінші орынға – 6 миллион теңге және үшінші орынға — 4 миллион теңге.