Спорт

Қазақстан құрамасы "Еуразия барысы" турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды

© ИА "Новости-Казахстан", Болат Шайхинов"Қазақстан барысы"
Қазақстан барысы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге, үшінші орынға 4 миллион теңге табыс етілді.

АСТАНА, 1 жел – Sputnik. Алматыда 1 желтоқсан — Тұңғыш президент күніне орай ұйымдастырылып жатқан халықаралық "Еуразия барысы" турнирінде Қазақстан құрамасы бас жүлдені жеңіп алды деп, хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. 

Қазақстан құрамасы финалда Монғолия балуандарын 6:2 есебімен ойсырата ұтты. Жерлестеріміз алғашқы белдесулерінде Польша командасын 7:0 есебімен жеңсе, жартылай финалда Грузия балуандарын 6:2 есебімен ұтып финалға жолдама алған еді. Міне, финалда ежелгі қарсыластары Монғолия балуандарын қапы қалдырды.

Осыған дейін үшінші орынды Грузия балуандары жеңіп алғанын айтқан болатынбыз. Екінші орынға Монғолия балуандары ие болды. 

Турнир жеңімпазына 10 миллион теңге, екінші орынға 6 миллион теңге табысталса, үшінші орын алған Грузия балуандарына 4 миллион теңге табыс етілді. Бұл бәсекеде 55 келіде — Марат Нығыматұллаев, 60 келіде — Ержан Мағауинов, 66 келіде — Бақдәулет Сәбитов, 74 келіде — Aйдос Ғалымов, 82 келіде — Дәулет Пахриддинов, 90 келіде — Айбол Айтбек, 100 келіде — Мұхит Тұрсынов, + 100 келіде Айбек Нұғымаровтар ел намысын қорғады.


Жаңалықтар
0