АСТАНА, 17 желтоқсан — Sputnik. Бүгін еліміздің аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Алматы облысының Алакөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді, күндіз екпіні 28 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман түседі.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер демалыс күндері аяз болады деп болжаған еді.