АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Ақтөбедегі № 41 «Назерке» балабақшасында балалар бірнеше сағат қолданылған мүшеқаппен ойнаған, балалардың бірі оны үстелге лақтырып жіберген, деп жазды Aktobetimes.kz.
Мұны білген ата-аналар шу шығарды. Күдікке балабақша күзетшілері ілінді. Басшылық олардан паласты өз есебінен жууды талап еткен. Зейнет жасындағы екі күзетші одан бас тартса, үшіншісі, 25 жастағы жігіт осы жағдайға байланысты өз еркімен жұмыстан кеткен.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Индира Бексұлтанова қызметтік тексеріс жүргізілгенін хабарлады.
"Аталған дерек расталған жоқ. Балабақша меңгерушісі қазір емделіп жүр, шыққаннан соң жұмыстан кеткісі келетінін айтты", — деп атап өтті И.Бексұлтанова.