Өңірлер

Өскеменде полиция балабақша маңындағы оқиғаны тергеп жатыр

© Photo : PR департамент АО "Астана ЭКСПО-2017"Полиция бөлімі
Полиция бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтауда

АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. Өскемен полициясы балабақша дуалын бүлдірген адамдарды ұстады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанға.

Жою - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Өскеменде медициналық қалдықтарды заңсыз өртеген

Мектепалды білім беру мекемесі қаладағы Согра шағын ауданында орналасқан.

"Мектепалды білім беру мекемесінің дуалы мен жылыжайдың металл конструкциясының бүлінуі туралы дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізілген. Оқиға орнына тез келген полиция қызметкерлері тәртіп бұзушылықтың әрі қарай жалғасуының алдын алған", — деп хабарлады департамент.

Қазір Ертіс полиция бөлімшесі сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.

Оқиғаға қатысты тұлғалардың бәрі ұсталып, полицияға жеткізілді. Анық-қанығы тергеу барысында анықталады. 


Жаңалықтар
0