Өңірлер

Өскеменде медициналық қалдықтарды заңсыз өртеген

© Sputnik / Олег Золото / Медиабанкке өтуЖою
Жою - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дұрыс пайдаланылмаған қауіпті газ хлорсутектің ауадағы мөлшері нормадан 99 есе асып кеткен

АСТАНА, 5 қазан — Sputnik. Өскеменде қалдықтарды жаратушы арнайы мекеменің қызметкері медициналық құралдарды далада заңсыз өртеген, деп хабарлайды Устинка Live.  Жергілікті тұрғындар ШҚО экология департаментінен шара қолдануды сұрады.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда жүк көлігі он жасар қызды қағып кетті

Полицейлер құқық бұзушыны арматура зауытының маңынан тауып, медициналық құралдарды өртеп жатқан жерінде үстінен түсті.

"Қалдықтар көлемі бойынша кәсіпорынға қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін 5 миллион 325 мың теңге айыппұл салынады", — деп хабарлады экология департаменеті мемлекеттік инспекторы міндетін атқарушы Ермак Баркышев.

Жергілікті басылымның айтуынша, атмосфералық ауаны тексеру барысында формальдегид, күкіртсутек, фенол мен хлордың нормасы асып кеткен. Бұдан бөлек, қауіпті газ хлорсутектің ауадағы мөлшері нормадан 99 есе асып кеткен.

Жаңалықтар
0