Қоғам

"Нұрлы жер": енді қазақстандықтар бастапқы жарнасыз-ақ баспаналы болады

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтутұрғын үй кешені
тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, азаматтар құрылыс компаниялары мен пәтерлерді өздері таңдай алады

АСТАНА, 15 желтоқсан – Sputnik. "Нұрлы жер" бағдарламасына енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді азаматтар бастапқы жарнаның орнына жылжымайтын мүлікті кепілге қойып, баспаналы бола алады. Бұл туралы "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Нұрлы жер бағдарламасымен берілген үй, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында 500-ге тарта отбасы баспаналы болды

"23 қазан күні ҚР үкіметінің қаулысымен бірқатар түзету енгізілді. Алғашқы өзгеріс – бастапқы жарнаға қатысты. Бұрын бастапқы жарна 30 пайызды құраса, қазір бұған балама бар. Егер азаматтың 30 пайыз көлемінде жарнасы болмаса, онда ол өзіне немесе үшінші тұлғаға тиесілі, құны осымен пара-пар жылжымайтын мүлікті кепіл ретінде ұсына алады. Сондай-ақ құрылыс компанияларына алдын ала төленген төлемі де есепке алынады. Ол да бастапқы жарна ретінде ескеріледі",- деді Мұхамеджанов Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Сондай-ақ, өзгерістер аясында бастапқы тұрғын үй ұғымы кеңейтілген.

"Енді пәтерлерді тек құрылыс компанияларынан ғана емес, басқа да заңды тұлғалардан (сауда компаниялары) сатып алуға болады. Яғни азаматтардың пәтер таңдау құқығы болады", — деді ол.

Бүгінде коммерциялық банктер де бағдарламаға қатысуға қызығушылық танытып отыр. Жыл соңына дейін "Цеснабанк" АҚ, ал келесі жылы "Халық банк" АҚ, "Forte Bank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ, "Tengri bank" АҚ, "AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)" АҚ, "Qazaq Banki" АҚ қосылуды жоспарлап отыр. 

Жаңалықтар
0