АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының ереуіл ұйымдастырған шахтерлерді сотқа беруі туралы пікір білдірді.
"Жұмыс берушінің арызы түсті. Бірнеше аудан соттары шешім қабылдап, олар іс сотта қаралуы үшін шара қолданды. Судьялар мұндай жағдайда солай істеуге міндетті. Өйткені шахтерлердің өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрды", — деді Асанов тілшілерге.
Ол атап өткендей, жұмыс беруші соттан ереуілді заңсыз деп тануды сұраған.
"Арыз сотта әлі қаралған жоқ, бірақ қаралуы үшін алдын-ала шаралар қолданылды. Ол үшін кеншілердің бәрі шығуы тиіс", — дейді Асанов.
Оның сөзіне сүйенсек, оқиғаның әрі қарай өрбуі компания мен жұмысшылар арасындағы мәмілеге байланысты болады.
"Мемлекеттің бұған қатысы жоқ. Олардың арасында, менің білуімше, келіссөз жүріп жатыр. Бұл сот құзыретіне жатпайтын басқа мәселе", — деп қорытындылады Жоғары сот төрағасы.