АСТАНА, 15 желтоқсан — Sputnik. Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта егіздер өлімі бойынша іс қаралып жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі.
Сотталушылар – қаза болған сәбилердің ата-анасы: 29 жастағы Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен 34 жастағы Алла Волченко. Оларға "Кісі өлтіру" және "Қауіп-қатерде қалдыру" баптары бойынша айып тағылған.
Алла Волченко сотта ата-ана құқығынан айырмауды сұрап, екі жасар Равильдің анасына деген сезімін анықтау үшін психологиялық сараптама жүргізуді сұрады. Естеріңізге сала кетсек, ата-анасы Равильді далаға тастаған болатын.
"Әрі қарай мені ата-ана құқығынан айырмау туралы өтініш бергім келеді, ұлым мен басқа балаларымды да жақсы көрдім", — дейді ол.
Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Олардың өліміне балалардың анасымен бірге тұратын ер адам айыпталған. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.
Әкесі сәбилерді ұйықтауға мұрша бермеген соң өлтірдім деп жауап берді.