Қоғам

Алматыдағы егіздер өлімі: анасы біреуін тірі қалдыруды сұраған

© Photo : pixabay.comБалалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотта балаларды өлтірді деп айыпталған Эмиль Гильмутдиновтың тергеу барысында берген жауабы оқылды

АСТАНА, 6 желтоқсан — Sputnik. Алматы қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында егіздер өлімі бойынша сот талқылауы жалғасуда, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыдағы егіздер өлімі: әкесі балаларын қалай өлтіргенін айтты

Бүгін сотта егіздерді өлтірді деген айып тағылған Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченконы тергеген Алматы ІІД тергеушілерінен жауап алынды. Олардың сөзіне сүйенсек, күдіктілер тергеу барысында қарсылық көрсетпеген. Тергеушілер күдіктілер Түрксіб аудандық ішкі істер бөліміне өз еркімен келді ме, әлде біреу алып келді ме білмейді екен.

Одан кейін судья  Эмиль Гильмутдиновтың сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабын оқыды.

"Мен Салават пен Ринатты өлтірмекші екенімді айттым. Ол шошып, олай жасамауымды, тым құрығанда біреуін тірі қалдыруымды сұрады", — деп оқыды судья Ерлан Болатов.

Гильмутдиновтың өзі мәлімдегендей, әйелі балаларды өлтірмек болғанын білмеген.

Жақса толмаған егіздердің мәйіті қыркүйек айында жалдамалы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан табылды. Олардың өліміне балалардың анасымен бірге тұратын ер адам айыпталған. Ер адам балалардың әкесі екенін мәлімдеді. Егіздердің ата-анасы олардың денесі табылғаннан кейін келесі күні ұсталды.

Жаңалықтар
0