АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik. Канадалық боксшы Давид Лемье (38-3, 33 КО) SecondsOut басылымына берген сұхбатында WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерсті (25-0, 12 КО) жеңген жағдайда әрі қарай қандай жоспармен жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Sports.kz.
"Канеломен" оның Головкинге қарсы екінші жекпе-жегіне дейін кездесемін деп үміттенемін. Дегенмен, екеуімен де жұдырықтасқым келеді – қайсысы бірінші болса да, маған бәрібір. Оскар (Де ла Хойя – агенттік ескерт.) WBO белбеуін иеленсем, "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастырып беретінін айтты. Сондықтан жоспар осы бағытта жасалады", — деді Лемье.
Лемье — Сондерс жекпе-жегі 16 желтоқсан күні Канадада өтеді. 1XBET букмекерлік кеңсесі бұл жекпе-жекке мынадай коэффициенттер ұсынып отыр: Сондерстің жеңісі — 1.94, Лемьенің жеңісі — 2.048, тең нәтиже — 26.
Естеріңізге сала кетейік, британиялық боксшыда WBO белбеуі бар. Оны Геннадий Головкин (37-0-1,33 КО) иеленсе, орта салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атанбақ.