Спорт

Егер Головкин Альварестен ұтылып қалса, WBC белбеуін кім алады?

© AP Photo / John LocherГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ондай жағдайда Джермалл Чарло — Уго Сентено жекпе-жегінің жеңімпазы белбеуге басты үміткер болады

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Boxingnews24.com журналисі Дэн Эмброуз егер Геннадий Головкин мен  Сауль Альварес реваншы өтіп, мексикалық боксшы жеңіске жетсе, орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша толық құқылы әлем чемпионы титулы кімге берілетінін болжады, деп жазды Sports.kz.

 Шолушының пікірінше, ондай жағдайда "уақытша" әлем чемпионы титулы үшін өтетін Джермалл Чарло — Уго Сентено жекпе-жегінің жеңімпазы белбеуге басты үміткер болады.  

 

Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Спорт
Котто: Головкин-Альварес реваншы өтсе, мексикалық жеңіске жетеді
«Егер Головкин реваншта „Канелодан“ жеңіліп қалса, онда орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы Чарло — Уго Сентено жекпе-жегінің жеңімпазына берілуі мүмкін. Альварес алғашқы жекпе-жекте Кеңестің белбеуі үшін жұдырықтасқан жоқ, реваншта да оған үміткер бола қоймас. Бұл дегеніңіз, ол жағдайда  WBC титулы бос қалады деген сөз. Дегенмен оның босай қоюы екіталай", — деп жазды автор.

Қазіргі таңда Чарло аталған белбеуге міндетті үміткер саналады.  


Жаңалықтар
0