Спорт

Котто: Головкин-Альварес реваншы өтсе, мексикалық жеңіске жетеді

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі
Сауль Канело Альварес - Геннадий Головкин жекпе-жегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның пікірінше "Канело" алғашқы жекпе-жекте көп жағдайда басым болған

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Пуэрторикалық боксшы Мигель Котто қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес екінші рет кездескен жағдайда кімнің жеңіске жетуге мүмкіндігі зор екенін айтты, деп жазды Sports.kz. 

 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Канело" тайқып кетсе, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?
— "Канело" алғашқы жекпе-жекте көп жағдайда басым болды деп ойлаймын. Ол және оның бапкері Эдди Рейносо реваншта ақылға салуы тиіс, егер дұрыс стратегия таңдаса, жеңіске жетеді, — деді Котто ESPN Deportes басылымына берген сұхбатында.  

GGG мен Альварестің екінші жекпе-жегі 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.  


Жаңалықтар
0