Спорт

"Канело" тайқып кетсе, Головкин кіммен кездесуі мүмкін?

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкиннің промоутері Том Леффлермен және бапкері Абель Санчеспен Далласқа аттанғаны белгілі болды

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Boxingnews24.com порталының шолушысы Дэн Эмброуз орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш туралы келіссөздер өтпей қалған жағдайда кіммен кездесуі мүмкін екенін айтты, деп жазады vesti.kz. 

Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек - Sputnik Қазақстан
Спорт
Мейвезер Головкин үшін боксқа қайта оралуға қатысты не дейді?

Таяуда Головкиннің промоутері Том Леффлермен және бапкері Абель Санчеспен Далласқа аттанғаны белгілі болған. Сапардың мақсаты — "келесі жекпе-жек орнын көру". Мұның Головкин діттеген қосымша жоспар ма немесе "Канеломен" 5 мамырда өткізетін негізгі орын ба — әзірге белгісіз.

"Егер Головкин "Канеломен" Техаста жұдырықтаспайтын болса, бұл орын WBC бойынша міндетті үміткер Джермалла Чарломен (26-0, 20 КО) кездесуге тамаша мүмкіндік. Ол Техастан шыққан, Хьюстонда тұрады. Чарло — Техаста өте танымал. Головкин мен Чарлоның Техастағы жекпе-жегі "Канеломен" өткізген кездесуден де мықты болуы мүмкін, себебі Чарло ірілеу, күші көп және шабуылдаушы. Оның үстіне Головкин Чарлоны "Канелодай" қуып жүрмейді. Жекпе-жек 12 раундқа дейін де созылмайтын еді. Немесе Чарло нокаутқа түседі, немесе Голокин. Бұл Головкинді нокаут жайлы ойландыратын кездесу болар еді. Чарло Головкинді жеңу үшін соңына дейін шыдап бағатынына сенімдімін", — деді шолушы.


Жаңалықтар
0