Спорт

Мейвезер Головкин үшін боксқа қайта оралуға қатысты не дейді?

© REUTERS / Mark JФлойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек
Флойд Мейвезер мен Конор Макгрегор арасындағы жекпе-жек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин бірнеше рет Мейвезермен жұдырықтасуды армандайтыны туралы айтқан еді

АСТАНА, 28 қыркүйек  — Sputnik. Бес салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) үшін боксқа қайта оралмайтыны жайлы ашып айтты, деп жазады GiveMeSport.com.сілтеме жасай отырып vesti.kz. 

"Мен зейнетке шықтым. GGG жайлы алаңдауды қой, оданда Флойд Мейвезер жайлы ойла", — деді Мейвезер журналистің сұрағына жауап бере отырып. 

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Геннадий Головкин екінші рет әке атанды

40 жастағы америкалық боксшы жеңіл салмақта UFC чемпионы Конор МакГрегорды 26 тамызда Лас-Вегаста T-Mobile аренасында жеңгенен кейін спорттық мансабын аяқтайтыны жайлы мәлімдеді. Кездесу бокс ережесі бойынша өтіп, оныншы раундта америкалық техникалық нокаутпен жеңді. 

Головкин болса бірнеше рет Мейвезермен жұдырықтасуды армандайтыны туралы айтқан еді. 


Жаңалықтар
0