Оқиға

Астанада қоқыс жинайтын машина баланы басып кетті

© Sputnik / Виталий Белоусов / Медиабанкке өтуВелосипедшінің көлеңкесі
Велосипедшінің көлеңкесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқиға болған сәтте бала аулада велосипед теуіп жүрген

АСТАНА, 14 желтоқсан — Sputnik.  Сот баланы қағып өлтірген қоқыс жинайтын машинаның жүргізушісіне үкім шығарды,  деп хабарлады Астан сотының баспасөз қызметі.  

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада көктайғақ: жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті
Жол апаты осы жылдың шілдесінде болды. КамАЗ жүргізушісі тұрғын үй аумағында қатты жылдамдықпен жүргені анықталып отыр. Ол велосипед теуіп жүрген кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.  

Бала ауыр жарақат алып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. 

Іс Астана қаласы Алматы ауданының  №2 аудандық сотында қаралды. Қоқыс жинайтын машинаның жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзды деп танылды.  

Ол екі жыл бір айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.   


Жаңалықтар
0