Оқиға

Астанада көктайғақ: жол қозғалысын реттеушіні көлік қағып кетті

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуЗардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда полицей әр түрлі жарақатпен ауруханада жатыр

АСТАНА, 5 желтоқсан — Sputnik. Астанада автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды көлік қағып кетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Opel Vectra Солтүстік айналма жолда адам қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Opel Vectra жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жол апаты бүгін таңертең сағат 8.30 шамасында Мәңгілік ел даңғылы мен Бұқар жырау көшесінің қиылысында болды.  

" Lexus жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлді игере алмай, автокөлік қозғалысын реттеп тұрған инспекторды қағып кетті", — деп хабарлады полициядағылар.

Жол апаты салдарынан полицей дене жарақатын алған, ол ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.  


Жаңалықтар
0